Білім берудегі менеджмент ерекшеліктері

Бүгінгі күні педагогика ғылымында педагогикалық процесті басқару ғылымы тұрғысынан зерттеу, түсіну бағыты байқалады. Менеджмент ғылымында басқару– мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттерді ұйымдастыру.  Мағынасы бойынша "менеджмент" термині "басқару" терминімен ұқсас. Алайда, қазіргі түсінік бойынша "басқару" ұғымынан "менеджмент" ұғымы кеңірек, өйткені ол адамзат қызметінің әр түріне қолданылады. Менеджмент (мanage ағылшын тілінде  – басқару, меңгеру, ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үдерісін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. Басқару объектілері – биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелері. Әлеуметтік жүйелердің бірі – білім беру жүйесі.

Әлеуметтік басқарудың жалпы заңдылықтарына бағынғанмен, білім беру жүйесін басқарудың өзіне тән ерекшеліктері бар. Білім беру менеджментінің негізгі мақсаты — білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы тиімділігін арттыру.Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие, оқу-таным үдерісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптеріәдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені.

Ұйымдағы менеджмент кешенінің құрамы келесі компоненттерден тұрады: стратегиялық менеджмент, кадрлық менеджмент, технологиялық процестер мен операцияларды басқару, қаржылық менеджмент, материалдық-техникалық жабдықты басқару, өнімді өткізуді басқару, жылжымайтын мүлікті басқару, инновациялық менеджмент (дамуды басқару), өнім сапасын немесе қызмет көрсетуді басқару.

· Стратегиялық менеджмент-басты стратегиялық шарттарды құру. Мақсаткерлікті таңдау, оқиғалық анализ, стратегиялық маркетинг, қызметті стратегиялық жоспарлау, ұйымдық құрылымдарды құру және түзету, стратегияларды жүзеге асыруды басқару стратегиялық менеджметке жатады.

-Кадрлық менеджмент - менеджменттің маңызды құрамы. Ұйымның барлық мақсаттары адамда рарқылы жүзеге асады.

-Технологиялық процестерді басқаруда машина, аппаратура, механизмдер, сондай-ақ компьютерлер және басқа арнайы құрылғылардың көмегімен адамдар арқылы жүзеге асады.

-Қаржыны басқаруда кәсіпорынның өндірісті-шаруашылық қызметі қаржыны таратуды тиімді реттейді.

-Материалдық-техникалық жабдықты басқару шикізатты, материалдарды, құрал-саймандарды қажетті өнімдер мен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

-Өткізуді басқару сыртқы ортаның мониторингісін қосатын маркетингтік қызмет арқылы жүзеге асады.

-Жылжымайтын мүлікті басқаруда эксплуатация, сату, сатыпалу, айырбас, жал жәнежылжымайтын мүлік пен байланысты басқа да қозғалыстар сипатталды.

-Инновациялық менеджмент дамуды басқару, өзгермелі жағдайдағы ұйымның тиімділігін жоғарлату мен сақтау үшін қажет. Жаңа өзгерістерді жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау.

Сапаны басқару нарықтық бәсеке жағдайындағы ұймның бәсекеге тұрақтылығын қолдау үшін міндетті болып табылады.

Бүгінгі білім беру мекемесі ашық педагогикалық жүйе және қоғамның ерекше әлеуметтік-экономикалық ұйымы. Білім беру мекемелерінің жаңаруы, дамуы инновациялық технологияларсыз мүмкін емес.

Педагогикалық менеджмент басшылар мен оқытушыларға мақсатқа жету жолында көптеген мүмкіндік береді:

- біріншіден, вертикальді бұйрықтық басқару әдісінен корпоративті басқару стилі негізіндегі горизонтальді кәсіптік ынтымақтастыққа жол ашады;

- екіншіден, әр тұлғаға даму мүмкідігін береді, басшылар мен оқытушылардың мотивациялары арқылы ұйымның ішкі ортасы, яғни ұйым дамиды;

- үшіншіден, білім беру процесіне қатысушыларға жағымды психологиялық-педагогикалық жағдай туғызады.

Педагогикалық менеджменттің өзіне тән ерекшеліктері бар, өйткені ол адамдардың шығармашылық әрекеттерімен байланысты. Білім беру процесін басқаруда педагогикалық менеджментті білім беруді тиімді басқарудың теориясы, әдістемесі, технологиясы деп түсінуге болады.Жалпы менеджмент адамдарды, әлеуметтік процестерді басқару өнері мен ғылым жиынтығы ретінде қарастырылады, адамдардың интеллектісін, еңбегін, мотивацияларын пайдалану арқылы басшының алдына қойған мақсаттарына жете алуын айтады. Осы анықтамаға сүйенсек, әр оқытушы өзінің қарамағындағы білім алушының оқу-таным үдерісінің менеджері болып табылады, ал ұйым басшысы–оқу орнының тұтас оқу-тәрбие үдерісінің менеджері.

Педагогикалық менеджменттің өзіне ғана тән заңдылықтарының бірі-менеджер еңбегінің пәні, өнімі, құрамы және нәтижесінің ерекшелігі.    Білім беру үдерісінде менеджердің еңбегінің пәні - басқарылатын нысанның (субъекттің) іс-әрекеті, еңбек өнімі-ақпарат, еңбек құралы - тіл, сөз, сөйлеу, еңбек нәтижесі - білім алушылардың білім, тәрбие, даму деңгейлері. Оқу орнының педагогикалық жүйесі бірнеше жүйенің жиынтығы, олардың әр қайсысы күрделі құрылым: оқу, тәрбие, материалдық-техникалық, ақпараттық қамтамасыз ету, өзін-өзі басқару, әкімшілік басқару. Оқу орны жүйесінің тиімділігі жүйенің құрамды бөліктерінің бір бағытта жұмыс істеуіне, бір бағыттағы іс-әрекеттеріне байланысты. Осыған орай менеджментте ұйымның ішкі ортасы деген түсінік бар. Ұйымның ішкі ортасы – мақсаттарға тиімді жету үшін құрылған бөлімдер. Білім беру ұйымының ішкі ортасын әкімшілік, оқытушылар, білім алушылар, қаржылық бөлім, техникалық қызметкерлер, кітапхана, т.б. құрайды. Педагогикалық менеджменттің бір ерекшелігі: басқаруға ішкі ортаның әр құрылымы, яғни, басқару субъекттері қатысады: топ жетекшісі, бөлім меңгерушісі, тәрбиеші, өз сабағының иесі, ұйымдастырушысы -оқытушы. Бұл ерекшелік жалпы білім беру мекемесін басқару мазмұнына, нәтижесіне маңызды ықпал етеді. Менеджмент ғылымында басқарушылық еңбек функцияларының бірнеше классификациялары бар. Белгілі бір мақсатқа жету үшін қолданылатын негізгі функциялары: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау. Бұл функциялар коммуникация және шешім қабылдау үдерістерімен біріктіріледі. Аталған менеджмент функциялары барлық салаларда қолданылады. Әр функцияларға тоқталсақ:

·  жоспарлаусаясат пен мақсаттардыанықтау, оларғажетужолдарынсипаттайды;

·  ұйымдастыру - еңбектібіріктіружәнебөлу, міндеттерді, жауапкершіліктібөлу, құрылымдытаңдау;

·  мотивация (ынталандыру) - жұмысшылардымақсаттарғажетугеқозғау;

·  бақылау-нәтижелердітексеру, сандық көрсеткіштерді, сапанытексеру, ауытқулардыжоюбойыншашешімдерқабылдау.

Менеджментте стратегиялық және ағымдағы жоспарлау түрлерін анықтайды. Стратегиялық жоспарлау білім беру ұйымының түріне, негізгі миссиясына, оның ішкі және сыртқы ортасына байланысты. Ағымдағы жоспарлау стратегиялық жоспар негізінде құрылады.

Оқу орнының стратегиялық құжаттары - білім беру жоспарлары, бағдарламалары, әр құрылымның жылдық жұмыс жоспарлары.  Оқу орны жұмысының тиімділігі жоспарлауға байланысты.

Қорыта келе, білім беруменеджерлерінің маңызды функцияларын атап айтқан болсақ, олар:

·  жобалау - жоспарлау функциясы;

·  ақпараттық - сараптамалық;

·  мақсатты - мотивациялық;

·  ұйымдастыру - орындаушылық;

·  бақылаужәнебағалау;

·  коррекциялау функциясы.

Білім беру менеджментінің аталған функциялары орындалған жағдайда оқу орнының білім беру еңбегінің тиімділігі артып, нәтижесі көрінеді.

В статье рассматриваются особенности и закономерности менеджмента в образовании, пути эффективного управления организацией образования.

In the article takes into consideration the pecularities and rules of managing in organizations. The ways of effective ruling the educational organizations

Қолданылғанәдебиеттер:

1. Никитина Н.Н., Железнякова О.М., Петухов М.А. Основы профессионально-педагогической деятельности. М.:Мастерство,2002

2. Симонов В.П. Педагогический менеджмент. М.,2004

3. Жакенова Б.Қ., Тәмпішева Қ.Б., Мақсатова Л.М. Менеджмент негіздері. Астана-2007

Автор: Т.Сабитова, директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары, педагогика пәнінің жоғары санатты оқытушысы, «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісінің иегері
Просмотров: 14903
Дата создания: 23 Декабря 2014 г.
Дата редактирования: 23 Декабря 2014 г.