Список статей
Болашақ педагог мамандарды кәсіби қалыптастыруда педагогикалық практиканың рөлі

Болашақ педагог мамандарды кәсіби

қалыптастыруда

педагогикалық практиканың рөлі

 

Бегайдаров Ерлан Бегайдарұлы

директордың практика жұмысы бойынша

орынбасары

 

Аннотация

 

В статье  говорится о роли педагогической практики в подготовке будущих педагогов. О том, что она является одной из основных форм их профессионального становления, которая позволяет синтезировать теоретические знания и практический опыт.

 

Abstract

The given article says about the role of the pedagogical practice in preparing future teachers. Also, there is told about one of the main forms of professional formation that allows to synthesize the theoretical knowledge and practical experience.

 

Білім саясатының өзекті мәселелерінің бірі – кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде білімнің рөлін арттыру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.

Қазақстан Республикасында білім жүйесін реформалау жалпы орта оқу ұйымдарының қызметін жаңаша ұйымдастыруға, білімнің мазмұнына, сондай-ақ оқыту технологиясына да өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.

Жаңа ғасырға қадам басқан біздің еліміз үшін қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер, экономиканың, саясаттың, әлеуметтік-саяси саланың дамуы қоғамдағы негізгі фактор болып табылатын жеке тұлғаның жалпы даму деңгейіне байланысты болмақ. Ал ол қоғамдағы білім беру талаптарын түбегейлі өзгертуге алып келді. Қоғамдық өмірдегі өзгерістер оқытудың жаңа технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешуші кәсіби – педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаздар болмақ.

Міне, осы орайда ҚР Білім және Ғылым Министрлігі әзірлеген «ҚР жоғары педагогикалық білім тұжырымдамасы» мен «ҚР жаңа тұрпатты педагогінің үздіксіз педагогикалық білімі тұжырымдамаларында» жаңа қоғамдағы мұғалім моделінің үлгілері көрсетіліп берілген. Болашақ педагогтерге қойылатын талаптар қазіргі қоғам қажеттілігінен туындайды. Жаңа қоғам мұғалімі тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, білім құндылығын түсінетін, педагогикалық технологияларды меңгерген, ғылым мен техника жетістіктері негізінде кәсіби даярланған болуы тиіс.

Оқу үдерісіне жаңа бағыт беріп, оның даму жолдарын ХХІ ғасырдың талабына сәйкес айқындау үшін білімнің әр түрлі салаларына білім және ғылым, білім және адам құқығы, білімнің қоғам дамуындағы әсері, білім беру барысындағы жаңа технология т.б. талдау жасалып, қорытындылану қажет.

Педагогикалық ғылымның жаңа бағытта дамуы білім беру жүйесінде жоғары дәрежелі, жан-жақты сапалы біліммен қаруланған ұлттық, мемлекеттік, саяси-экономикалық және ел мүддесі тұрғысынан туындаған мәселелерді шеше алатын жаңа тұрпатты педагог мамандарды талап етеді.Бұл мәселені шешуде мұғалім үлкен рөл атқарады. Себебі, мектеп түлегі қай мамандықты таңдаса да, ол мектеп мұғалімі берген негізгі білімді толықтырып, кеңейтіп дамытады. Сондықтан, болашақ мұғалімдерді сапалы  түрде даярлау  -  педагогикалық  мамандарды дайындайтын кәсіптік білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі болып табылады.

Болашақ педагог мамандардың теориялық білімдері мен практикалық тәжірибелерін ұштастыратыннегізгі форма – педагогикалық практика. Ресей жазушысы В.Афанасьев: «Теория мен практиканың айырмашылығы – тәжірибеде. Теория деген не? Өткен ұрпақтардың жинаған іс-тәжірибесі. Практика деген не? Өзіміз жинақтайтын іс-тәжірибе. Теорияны да, тәжірибені де ескерген жөн. Теориямен нығайтылмаған тәжірибе ешқашанда тиімді болмайды, қандай тақырыпта сөз қозғалса да» - деп айтқан.

Болашақ педагог мамандардың педагогикалық қызметті меңгеруі  тек теориялық оқу мен практикалық тәжірибе өзара байланыста болған жағдайда ғана жүзеге асады. Кәсіби компоненттердің іскерлігі мен дағдыларын дәрісханада ғана отырып қалыптастыру мүмкін емес.

Педагогикалық практикадан өту кезінде студент-практикант қаншалықты мамандықты дұрыс таңдағанын, өзінің тұлғалық қабілеттерінің болашақ мамандығымен үйлесімділік деңгейін анықтайды. Тек ұзақ мерзімді практикада студенттердің бұрын меңгерген білімі мен қажетті білім қоры арасындағы қайшылықтары айқындалып, үздіксіз білім алу факторы туындайды. Студенттің кәсіби әрекеті мазмұнды материалдардың негізінде, практика барысында жетіледі. Бұл кезеңде студенттердің іскерлігі мен дағдылары қалыптасады және өзіне деген сенімі артады. Шығармашылық деңгейде жұмыс істеу барысында олар өз білімдерін дәлелдейді. Студент-практикант өз іс-әрекетін

талдай отыра, жұмыс барысында туындаған қиыншылықтарды іскерлікпен шешеді.

Педагогикалық практиканың негізгі мақсаты – оқу процесінде студенттің меңгерген білімін бекіту және тереңдету, болашақ мамандығы бойынша қажетті кәсіби білік-дағдыларын игеру. Педагогикалық практика педагогты кәсiби даярлау жүйесiнде мынадай маңызды қызметтер атқарады: оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелiк, диагностикалық.Практика жетекшілері кәсіптік тәжірибенің ұйымдастырылуын жоспарлағанда, практика бағдарламасының орындалуын ғана көздемей, әр студенттің бойындағы тұлғалық және кәсіби жақтарын мақсатты және жүйелі ашуға, әлсіз жақтарын жеңуге көмектесіп, бірегей тұлға екенін ескергені жөн

Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледждегі ұзақ мерзімді және үздіксіз практика  болашақ мамандардың кәсіби педагогикалық іскерлік пен дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Педагогикалық практиканы сапалы түрде ұйымдастыруға және мазмұнды өткізуге оқу орнындабарлық жағдайлар жасалған: әдістемелік дәрісханалар, электрондық ресурстық кітапхана, Интернет.  Практикаға жетекшілік жасау үшін тәжірибелі оқытушылар тағайындалады. Педагогикалық практиканың алдында колледж оқытушылары барлық машықтану түрлерінен студенттерге оқу практикасын ұйымдастырып, оларға байқау сабақтары және тәрбие жұмыстары бойынша әдістемелік кеңестер беріп, басшылық жасайды. Практика әдіскерлері болашақ мамандарды даярлау тиімділігін арттыруын ескере отырып, тәжірибелік оқу бағдарламасын іске асыруда.

Студенттердің кәсіптік практикадан сапалы өтулерін қамтамасыз ету мақсатында қаладағы танымал, әрі таңдаулы білім мекемелерімен келісім шарт жасалады. Білім мекемелерін іріктеу кезінде ондағы жұмыс істейтін педагогтардың жұмыс тәжірибелері, сапалық деңгейінің көрсеткіштері, шығармашылық әлеуеттері, оқу орнының материалдық-техникалық базасы, компьютерлік техникамен жабдықталуы т.б.есепке алынады.

Бүгінгі күніколледж қаладағы 12 мектеп, 14 балабақша, 5 спорттық мектептер және жазғы практиканы ұйымдастыру үшін Ақмола облысындағы балаларды сауықтыру орталықтарымен  келісім шарт жасады. 

Өндірістік оқыту және кәсіптік практика оқу жоспарында көрсетілген практика түрлеріне байланысты кестеге сай өткізіледі. Оған «Педагогикалық қызметке кіріспе», «Тәрбие жұмысының технологиясы», «Білім алушының таңдауы бойынша» практика, «Сауықтыру орталықтарындағы  жазғы практика», байқау практикасы, диплом алдындағы практикалар жатады.

Барлық білім мекемелерінде сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін бұл – педагог. Бастауыш сыныптарда жетекшілік қызметті сынып мұғалімі атқарады. Мұғалім немесе сынып жетекшісі еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі бір жүйелілікпен жүзеге асырылатыны белгілі.

    Мұғалімнің сыныптан және мектептен тыс жүргізетін тәрбие жұмыстарының міндеті – тәрбие процесінің бірізділігі мен жүйелілігін қамтамасыз ету.  Болашақ маманның мектептегі тәрбие жұмысын ғылыми тұрғыда дұрыс ұйымдастыра білуін, кәсіби қабілеттерін қалыптастыру мен дамытуда «Педагогикалық қызметке кіріспе», «Тәрбие жұмысының технологиясы» атты педагогикалық практикалар маңызды рөл атқарады. Практика кезінде студенттер сынып жетекшісінің көмекшісі ретінде жұмыс жасап, өздерінің мамандықтары бойынша үйірмелер ұйымдастырады. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы барысында білім алушылар тәрбие жұмысы әдістемесінің қыр-сырын меңгеріп, психологиялық-педагогикалық байқау, талдау жасауға үйренеді. Сыныптан тыс жұмыстың негізгі міндеті – пән бойынша сабақтан тыс іс-әрекетті ұйымдастырудың практикалық дағдыларын қалыптастыру. Практиканың бұл түрі

студенттердің ұйымдастыру, коммуникативті қабілеттерін дамытады, кейін байқау сабақтарын тиімді өткізуге әсерін тигізеді.

    Жазғы практика Ақмола облысының аудандарындағы мектеп жанындағы және балаларды сауықтыру орталықтарында өтеді. Бұл – практиканың бірінші өздік түрі. Мұндай практика студенттердің жазғы еңбек пен демалыс жағдайында әрекеттенуде өздерінің белсенділік, шығармашылық, ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетуін талап етеді. 

 

Жазғы сауықтыру орталықтарында педагогикалық практиканы сапалы түрде ұйымдастыру үшін 3 курс студенттері алдын-ала колледж базасында тәлімгерлік нұсқаулық лагерден  өтеді. Мұнда балалардың бос уақытын өткізуін ұйымдастыру мәселесі, есеп құжаттарын рәсімдеу және жүргізу мәселесі, психологиялық-педагогикалық практикумы және балалармен жұмыс жасаудағы еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар және т.б. қарастырылады. Дайындық барысында студенттер тренингтерді, іскерлік ойындардыжүргізуге, проблемалық жағдайларды шешуге үйренеді. Лагерьге келгенде студенттерде жұмысқа арналған біршама материалдар жинағы болады: ойындар, сценарийлер бумасы, нұсқаулық құжаттамалары мен күнделіктердің үлгілері.

Студенттердің практикаға нәтижелі дайындықтары алғыс хаттар, үздік мінездемелер, мадақтаулар арқылы дәлелденеді.

  Байқау практикасы болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындықтарының негізі болып табылады. Бұл практика түрі педагогикалық іс-әрекеттің жоғары деңгейін дамытуға бағытталған. Студенттер байқау практикасы арқылы жылдар бойы алған білімдерін іс-жүзінде шығармашылықпен пайдалануға үйренеді, зерттеу әрекетінің дағдылары мен әдіснамалық мәдениетін дамытады.

   

Диплом алдындағы практика педагогикалық практикалардың барлық түрлерінің  циклін аяқтайды және студенттерге педагогикалық іс-әрекеттегі білік-дағдыларды, алған білімдерін бекітуге мүмкіндік береді. Диплом алдындағы практиканы өтуге студенттер Көкшетау қаласындағы, облыс аумағындағы мектептерге бөлінеді. Студенттердің айтуынша, педагогикалық тәжірибені жинауда, олардың болашақ кәсіби маман болуында диплом алдындағы практиканың маңызы өте зор.

Колледжде педагогикалық практикалардың соңында қорытынды конференциялар өткізу дәстүрге айналған. Конференция тек өткен практика бойынша қорытынды жасауға ғана емес, сонымен бірге практиканттар арасында  тәжірибе алмасуда кәсіби деңгейлерінің өсуіне ықпал жасау мақсатында ұйымдастырылады. Конференция барысында студенттер көпшілік алдында сөйлеу дағдысын дамытады, теориялық және практикалық материалдарды интегралдауға үйренеді.

Педагогикалық практика болашақ мамандардың кәсіби біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруда, болашақ педагогтардың кәсіби қалыптасуында үлкен және маңызды рөл атқарады. Практикадан өту барысында студенттердің

теориялық білімдері тереңдетіледі, кеңейеді, нығайтылады. Студенттердің кәсіби білік-дағдылары мен кәсіби-тұлғалық қабілеттері қалыптасып, педагогикалық ойлауы, шығармашылық белсенділігі мен дербестігі дамиды.

  Педагогикалық тәжірибеде колледж студенттері таңдаған мамандығының қыр-сырын тікелей жұмыс орнында танып, психологиялық және кәсіби бейімделуден өтеді. Көптеген студенттер практика кезінде өздерін мұғалім ретінде сезінуге мүмкіндік алып, мектеп оқушыларымен қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне үйренеді. Машықтану кезінде білім алушылар мұғалім мамандығына деген қызығушылық пен сүйіспеншіліктің тұрақтылығына тәрбиеленіп, нақты педагогикалық міндеттерді шешу барысында психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерін бекітеді.

Қорыта айтқанда, колледж оқытушылары мен студенттерінің алдында педагогикалық практика барысында барлық мүмкіншіліктерді пайдалана  отырып, өз бетінше педагогикалық қызметті атқаруға дайындалу міндеттері тұр деп айтуға болады.

Автор: Бегайдаров Ерлан Бегайдарұлы
Просмотров: 5662
Дата создания: 12 Ноября 2015 г.
Дата редактирования: 12 Ноября 2015 г.
www.egov.kz
Опрос